13 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордада «Толеранттылық – әлемдік өркениеттің негізі» атты халықаралық онлайн конференция өтті. деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.
Конференция жұмысына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығының» басқарма төрағасы Алтай Әбибуллаев, сонымен бірге ЮНЕСКО, БҰҰ, және де Иран Ислам Республикасы, АҚШ, БАӘ, Иордания, Өзбекстан елдерінің өкілдері, сарапшылары қатысты.