Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Дамир Мухетдиновты қабылдады (ФОТО)

0 1  642

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Дамир Мухетдиновты қабылдады.

Кездесуде Қазақстан және Ресей мұсылмандары діни басқармалары арасындағы оқу-ағарту, баспа, уағыз-насихат т.б салалар бойынша әріптестік байланысты нығайту мәселесі сөз болды.

«Қазақстан мен Ресей мұсылмандары діни басқармалары арасындағы бауырластық байланыс күн санап артып келеді. Өзіңіз жақсы білесіз, біздің имамдар Мәскеу қаласында біліктілікті арттыру курсына қатысты. Игі іс-шараларымызға қатысып, бастамаларымызға қолдау көрсетіп келе жатқан Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасы және Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы, шейх Равиль Гайнутдинге алғысымды білдіремін. Алла разы болсын!» деді ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Өз кезегінде сөз алған Дамир Мухетдинов: «Құрметті Наурызбай қажы Тағанұлы! Өзіңіз басқаратын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысы уақыт өткен сайын жанданып келеді. Сіз біздің халықаралық деңгейдегі игі іс-шараларымызға белсенді түрде қатысып келесіз. Біз мұны әрқашан жоғары бағалаймыз әрі ризашылық ниетімізді жеткіземіз», – деді.

Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты дамыту жайы сөз болып, имамдарды оқыту, дін қызметкерлерінің біліктілігін көтеру, өзара тәжірибе алмасу, баспа саласы бойынша ортақ жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.