Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алғашқы қоңырауға бірінші сынып оқушылары ғана қатыса алады

0 1  169

1 қыркүйекте алғашқы қоңырау тек бірінші сынып оқушылары үшін өтеді. Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Биыл мектептерде алғашқы қоңырау санитарлық нормаларды сақтай отырып, тек бірінші сынып оқушыларына өтеді. Балаларға “Әліппе” және “Букварь” сияқты алғашқы кітаптары табысталады. 2-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары ұйымдастырылады”, – деді БҒМ басшысы Үкімет отырысында.

Бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин Қазақстан мектептері, колледждері мен жоғары оқу орындары 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі оқыту форматына оралатынын мәлімдеген болатын.

Tengrinews.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.