Құранның «Түнді күндіздің үстіне, күндізді түннің үстіне орайды» (Зумар сүресі/5) деген аяты жердің шар тәріздес екендігін меңзейді.
Араб тілінде «такуир» сөзі домалақ нәрсенің сыртына бір нәрсені орау, байлау деген мағынаны білдіреді. Демек, жер шар тәріздес болғандықтан күн мен түн үшін
«орайды» сөзі қолданылып отыр. Күн мен түннің тәулік бойы өзара алма-кезек ауысып отыруы Жер шары домалақ пішінде болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Міне, Құран осылайша «такуир» сөзі арқылы Жердің шар тәріздес екендігін білдіруде. «Назиғат» сүресінің отызыншы аяты жер пішінінің аздап сопақтау екендігін:
«Содан кейін жерді түйе құсының жұмыртқасы пішініне келтірді» (Бұл аяттағы «دَحَاهَا» »дахаһа» сөзінің: төседі, жайды деген мағыналары да бар), – деп айқын білдіреді.
Батыс әлемі он алтыншы ғасырдың өзінде жердің домалақ екендігін дәлелдемек болған ғалымдарын инквизиция сотында қаралап, отқа жағу жазасымен қорқытқаны тарихтан белгілі. Мұның бәрі шіркеудің ғылымға қарсы болғандығынан туындады.
Батыста жердің домалақ екендігін әрі өз осьін және күнді айналатындығын атақты ғалым Коперник біле тұра, сол кездегі ғылым-білімге қас шіркеу поптарынан қорыққандықтан ашық айта алмады.
Тың жаңалық жайлы Коперниктің бұл кітабы өзі дүние салғаннан кейін ғана жарыққа шықты. Коперниктің бұл еңбегі он сегізінші ғасырға дейін батыс елінде тыйым салынған бірқатар кітаптардың қатарында болды.
Коперниктен кейін Италияның атақты ғалымы Галилео Галилей Жердің домалақтығын әрі оның өз-өзін және күнді айналуда екендігін өз кітабында жазған еді.
Алайда инкивизиция соты оны да отқа өртейміз деп қорқытып, сот алдында өз пікірінен бас тартуға мәжбүрледі. Галилей сот тарқағаннан кейін «Жер бәрібір айналыста»деген пікірін күбірлеген бойда кете барды. Галилейден кейін Италия философы Бруно да өзіне дейінгі Коперник, Галилей сынды ғалымдардың жерге байланысты пікірін қолдағандықтан инквизиция соты тарапынан аяусыз өртеліп, жарық дүниемен қош айтысты.
Міне, батыс әлемі жердің домалақтығын әрі өз осін және күнді айналып тұрғандығын он алтыншы ғасырдың өзінде осылай таласып-тартысып жатқан кезде, ислам әлемі оны ғылыми тұрғыда он бірінші ғасырларда-ақ анық дәлелдеген әрі мұсылмандар бұған кәміл сенген-ді.
Тіпті көптеген мұсылман ғалымдар он бірінші ғасырға дейінгі өз еңбектерінде де жоғарыдағы аяттарға сүйене отырып, Жердің домалақтығын жазып кеткендігіне сол тарихи кітаптардың өзі куә. Жердің домалақтығын ғылыми тұрғыда әл-Бируни атты ғалым он бірінші ғасырларда дәлелдеп берді.
Әл-Бируни Жердің домалақ екендігін әрі өз-өзін және Күнді айналып тұрғандығымен қоса тіпті жердің «тартылыс» күші жайында да сөз қозғаған. Әл-Бируни Жердің «тартылыс» күшін кейіннен дәлелдеген Ньютоннан бірнеше ғасыр бұрын жердегі «тартылыс» күшін былай деп айтып кеткен:
«Жер айналып тұрса, онда жер бетіндегі тау-тас, ағаш, жанды-жансыздар неге ғарыш кеңістігіне құлап кетпейді?» деп сұралса, былай деп жауап беремін:
Бұл жағдай жердің айналуына қатысты жаңалығымызға қайшы емес. Өйткені барлық нәрсе жердің орталығына түсуде. Демек жердің орталығында тартылыс бар. Міне, жердегі осы «тартылыс» күші жер бетіндегі барлық нәрсенің басқа жаққа құлап кетуіне кедергі жасауда» (Шабан Дөген, Мұсылман білім өнжиллери ансаклапедиясы, 51-бет. Стамбул).
«Имани гүл» кітабынан
Sunna.kz