9 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы елшілігінде мазмұнды іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы Мысырдағы Қазақстан азаматтары мен студенттер қауымына таныстырылды.
Іс-шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Египет Араб Республикасындағы өкілі Руслан Амантұрсынұлы ұйымдастырды.
Жиынға Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы елшісі Қайрат Лама Шариф пен әл-Азһар университетінің докторы Мухаммад Амин қатысты.