Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Аналармен кездесу өтті

0 359

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мештінің қызметкері «Үміт»  дағдарыс орталығында аналармен кездесуге қатысты, деп хабарлайды sunna.kz  тілшісі.

Арнайы шара дағдарыс орталығында алуан тағдырлы аналарға моральдық қолдау көрсету, отбасынан жырақта жүрген жандардың көңіліне сенімділік пен жан жылуын сыйлау мақсатында өткізілген.

Кездесуге Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлінісінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Гүлмира Тілеуғалиқызы Шрахметова мен мешітінің қызметкері Дулат Қадырұлы қатысты.

Дулат Қадырұлы өз кезегінде отбасындағы және қоғамдағы ананың ролі, бала тәрбиесінің негізгі тетіктері мен маңызы туралы құнды ақпарттармен бөлісті.

Айта кетейік, аналарға мешіттің қолдауымен арнайы гүл шоқтары және тәтті торттар сыйға тарту етілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.