Бүгін Астанадағы Республикалық бас мешітке Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан әр-Рабиа бастаған делегация келді.
Қадірлі қонақтарды ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, Республикалық бас мешіттің имамы Қанат Қоянбекұлы қарсы алып, мешіт тынысымен, сәулетімен, көзделіп отырған жоспарларымен жан-жақты таныстырды.
Сауд Арабиясынан келген меймандар Бас мешіттің келбетіне сүйсініп, оң тілегін білдірді.