Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасын жасады

0 289

Қызылорда қаласында Сыр өңірінен шыққан ахуандар мен ишандар, сонымен қатар еліміздің ертеңі үшін шейіт болған бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасы жасалды.

Дәстүрге айналған игі іс-шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, зиялы қауым өкілдері, республикалық Құран байқауының әділқазы мүшелері, дін қызметкерлері мен қарилар қатысты.

Игі басқосуда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңізге белгілі, біз жыл басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының айтулы іс-шаралар жоспарын бекіттік. Бекітілген жоспарға сәйкес дін қызметкерлері, ұстаздар мен шәкірттер күн сайын Құранды толық оқып, ата-баба рухына бағыштауы ләзім. Аллаға шүкір, бұл игі бастамамыз күн сайын орындалуда. Осыдан бірнеше күн бұрын қарилар орталығындағы шәкірттеріміз қасиетті Құранды 100 рет толық оқып шықты. Алла Тағала ата-бабаларымыздың рухын шат еткей!» деді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.