Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Лә илаһә иллаллаһ» деп зікір етудің артықшылығы

0 749

Әбу Һұрайра (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
– Қиямет күні сіздің шапағатыңыз тиетін бақытты жандар кімдер болмақ? – деп сұрадым. Ол былайша
жауап берді:
– Әй, Әбу Һұрайра! Бұл сұрақты сенен бұрын ешкім сұрамады-ау деймін. Себебі сенің хадис үйренуге деген құштарлығың мен ықыласыңды жақсы білемін ғой. Иә, қиямет күні менің шапағатыма ықыласпен «лә илаһә
иллаллаһ», – деп көп зікір еткендер бөленеді».
Әбу Зәрр (р.а.) бұл жайында: «Хазірет Пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
– Уа, Алланың Пайғамбары! Маған қандай кеңес бересіз? – деп сұрадым.
– Ағат әрекет етсең, дереу артынан жақсылық жаса. Ол жақсылығың жасаған күнәң мен қателігіңді жуып-шаяды, – деп насихат берді.
– “Лә илаһә иллаллаһ” десем жақсылыққа бастаған боламын ба? – деген сұрауыма Ол:
– Әлбетте, бұл сөз жақсылықтардың ең игісі ғой, – деді».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.