Ешқашан да ақиқатты ұмытуға болмайды: адамның алыста қалған екі бауыры бар. Ол екеуінің біреуі ертең келмек болса, екіншісі бір айдан соң не болмаса бір жылдан соң келмекші. Сондықтан да ертең келмекші болған бауыры қажтте нәрселерді дайындайды. Ал бір айдан я болмаса жылдан соң келетін бауырына бүгін қамданудың қажеті жоқ. Себебі ертең келмекші болып жатқан адамның дайындығының себебі- сапарының ертең болатындығы.
Егер кімде кім ажалын бір жылдан соң келетінін білеті болса, ол осы уқытты үнемі есінде ұстайды әрі соған қарай амал етеді. Ол адам осы мезілге дейін не барын, кейін не болатынын мүлде ойламайды. Осыдан соң ол таң ертең тұрған сайын уақытының бітуін күтмен өмірі өткізеді. Және де күндер өтіп, уақыттың жақын қалғанына да мән бермейтін болады. Оған бейне бір уақыт тоқтап қалғандай көрінеді. Адамның бұл халі оны жақсылық жасауға бағыттамайды, себебі ол күн сайын алдында әлі бір жыл уақыт бар деген үмітпен жұбатып ақыреттік азықты кейінге қалдырып қояды.
Мәселен, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Сендердің әрқайсың оны адастырмас бұрын және де қандай да бір байлық азғындатпас бұрын, жоқшылық жетпес бұрын немесе әділдік жайылы ұмыттырушы, Жартушыны ұмыттырушы кедейлік келіп жетпес бұрын ақыретке дайындық жасасын. Оны айықпас дерт меңдемес бұын, ақылынан адастырып, орынынан қозғалуын қиындатушы әрі ақыретке апаратын жолға жетелеуші кәрілік жетпес бұрын қамдансын. Я болмаса Дәжжәл келіп, Қиямет күні басталмас бұрын қамдансын».
Абдуллах бин Аббас (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасының біріне былай деп насихат айтқанын жеткізеді: «Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл! Кәріліктен бұрын жастық шақтың, аурудан бұрын денсаулықтың, уақыт тапшылығы келмей тұрып бос уақыттың, кедейліктен бұрын байлықтың және өлімнен бұрын өмірдің қадірін біл!»
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзге бір хадисте айтқан:«Адамдардың көбі қадір-қасиетін біле бермейтін екі нығымет бар – денсаулық пен бос уақыт». Яғни адамдар осы екі нығыметті тиісінше қолдана алмайды әрі одан пайда алмайды. Мүмкіншілігін жоғалтқан кезде ғана кеш болғанын түсінеді.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: « Кімде кім қорқынышпен өмір кешер болса, ол ертерек жолға шыққан болады. Кімде кім ерте жолға шығар болса, оны қабыл алатын жерге жетеді. Ақылға келіңдер! Алла уәде еткен нәрсе сөзсіз болады. Алла уәде еткен нәрсе – Жәннат!».
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Сағат келіп жеткен кезде және де Сүр үрленген кезде жер сілкінеді, артынша тағы да бір сілкінеді осы сілкініспен бірге өлім жетеді».
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының бірі салғыртыққа, бойкүйездікке және бейғамдыққа салынғанын байқаған кезде оларға қарап, қатты дауыспен былай дейтін: «Өлім, белгіленген уақытта сендерге келіп жетеді. Ол сендерге бақытты халде я болмаса кейіпсіз халде болғандарыңда тап болады».
Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәемім болсын) былай дегенін жеткізеді: «Мен – ескертушімін! Ажал ескертусіз келеді, ал Қиямет күні – бұл күн жауапқа тартылатын күн».
Абдуллаһ ибн Омар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), күн пальма жапырақтарының төбесіне дейін көтеріглен кезде сыртқа шығып былай дегенін жеткізеді: «Осы күннің батуына қанша уақыт қалған болса, дүние сонша уақытқа қысқарды».
Және де Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Дүние екіге қақ бөлінген киім секілді. Оны бір ғана тігіс ұстап тұр. Енді қалған тігісінің де тозып, үзілетін уақыты жетті».
Жәбир (оған Алла разы болсын) былай деген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болын) Қиямет жайлы айтқан кезде даусын көтеретін еді. Осы кезде оның жүзі де қызарып салатын. Өзінің сөйлеу мәнері мен бұйыра сөйлеген даусы жақындап қалған қауіпті нұсқап тұрған қолбасшы секілді еді. Ол мынандай сөздерді айтатын: «Біз сендермен бірге таңды атырдық, кешті батырдық. Ертең және кеште не болатынын жеткіземін. Мен мен Қиямет күнінің жақындығы мына екі саусақтың арасындай». Осылай деп ол екі саусағының арасын көрсететін».
Абдуллаһ ибн Масғұд (оған Алла разы болсын) былай деген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мына аятты оқыды: «Сонда Алла, кімді тура жолға салуды қаласа, Ислам үшін оның көңілін кеңітеді…». Осыдан соң ол былай деді: «Расында, адамның жан дүниесіне нұр кірген кезде ол кеңейеді» («әл-Анғам» 6/125). Сонда сахабалар Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Я, Алланың Елшісі! Оның қандай белгісі бар?»,- деп сұрайды. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жауап береді: «Иә! Ол – жалған, дүниеге байлап, адастыратын нәрселерден аулақ болу, ал оның орнына – ажал келмей тұрып, мәңгілік мекен болатын жаққа талпынып, сол жаққа қамдану».
Имам Суди: «…Ол сондай Алла, ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы, сынау үшін өліммен тіршілікті жаратқан. Ол, тым үстем, аса жарылқаушы» » («әл-Мүлк», 67/2), деген аятты, нақтырақ айтар болсақ оның: «…ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы, сынау үшін…» деген бөлігін түсіндіре келе, былай тәпсірлейді: «Қайсыларың өлімді жиі еске аласыңдар, қайсыларың өлімге және мәңгілік өмірге қалай дайындық жасайсыңдар, араларыңдағы өлімнен қорқып, қырағылық танытқандарың».
Хузайфа (оған Алла разы болсын) былай деген: «Әр таңда және әр кеште бір дауыс былай деп жар салады: «Ей, адамдар! Қоныс аудару басталды!» Мысалы, мына келесі аят бұған дәлел бола алады: «Ол (тозақ оты) – адамдар ғибрат алу үшін түскен жаза. Жақсылықта ілгерілеп немесе жамандыққа тайқып кететіндер үшін» («әл-Муддассир», 74/35-37).
Азат етілген құл Бәни Тәмимә Сухейм былай деп айтады: «Мен Әмір бин Абуллаһпен бірге отыр едім, сол кезде ол намаз оқып жатқан болатын. Ол намазын бұзды да, маған қарап былай деді: «Маған аз уақытқа тыныштық керек, өйткені менің маңызды шаруам бар, асығыс едім». Мен одан: «Ол қандай асығыс жұмыс?»,- деп сұрадым. Ал ол болса былай деп жауап берді: «Алланың мейірімділігін ұғынып, өлім періштесі жайлы сөз қозғаймын». Сухейм былай деді: «Мен онымен лезде қоштастым, ал ол тұрып, намазын жалғастырды».
материал «Өлім мен қабірдің мінәжат құпиялары» кітабынан алынды,
sunna.kz