Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жастар секторы ауызашар берді

0 269

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Жастар секторы ауызашар берді.

Қоғамда қазыналы қарттардың орыны айырықша. Ақсақалды аталар мен ақсамайлы аналарға әрдайым қамқорлық жасап, көңіл бөлу – дініміз дәріптеген асыл қасиет.

Мешітіміздің Жастар сектры жөніндегі жауапты қызметкерлері Көктал елдімекеніндегі Қарттар орталығына арнайы барып, қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ауызашар дастарханын жайды.

Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға киім үлестірілді.

Осылайша, ақсақалды аталар мен ақсамайлы аналардың ақ батасын алды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.