Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бекет ата салдырған «Ақмешіт» қорымына зиярат

0 476

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына сапарында Жылыой ауданындағы Бекет ата салдырған «Ақмешіт» қорымына арнайы зиярат жасады.

Мемелекет қорғауындағы тарихи ескерткіш – қорымда Құран аяттары оқылып, Бас мүфти дұға жасады.

Айта кетейік, Батыс өңірінің рухани ұстазы Бекет ата ХVIII ғасырда жерасты мешітін салдырған. Қазір қорымда Бекет атаның әкесі Мырзағұл, анасы Жәния, атасы, ұрпақтары жерленген. Тарихи ескерткіш 1998 жылы қайта жаңғыртылып салынды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.