Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти тарауық намазына қатысып, еліміз үшін дұға жасады

0 553

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астанада Республикалық бас мешітте тарауық намазына қатысып, жамағатқа уағыз айтты.

«Қасиетті Рамазан айы бізге жылына бір мәрте келетін қонақ іспетті. Егер біз оны қадір тұтып, құрметтей білсек, біздің де екі өмірде құрметке бөленуімізге себепші болады. Бұл қасиетті Рамазан айына жеткен де, жетпеген де бар. Қасиетті айға жеткенімізді әрқайсымыз Алланың бізге берген үлкен нығметі деп түсініп, оны ең көркем түрде өткізуге тырысайық. Рақым айы – Рамазан құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти жамағатқа тарауық намазын өткізетін қариларды таныстырып, игі ниетін жеткізді. Сонымен қатар еліміздің игілігі үшін арнайы дұға жасады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.