Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Адам баласының бір бақыты – Алладан қайырлысын сұрауы

Адам баласының бір бақыты – Алладан қайырлысын сұрауы

0 44

«Адам баласының бір бақыты – Алладан қайырлысын сұрауы» (Тирмизи)

 

Истихара – араб тілінде «қайырлысын сұрау» деген мағына береді. Ибн әл-Асир : «Я, Алла, маған осы екі істің дұрысырағын, жақсырағын таңдап бергейсің және жақсылықты сол істе қылғайсың», – дегенді білдіреді деп айтқан.

Шариғатта «истихара» деп екі, не оданкөп ракағат түрінде оқылатын нәпіл намазды атайды. Сонымен қатар «истихара» дұғасы да өз алдына бөлек «истихара» деп атала береді.

Басқаша айтқанда, егер адам екі істің қайсысын істерін немесе бір істі істерін, не істемесін білмей тұрса, ондай жағдайда истихара намазын немесе дұғасын оқып Алла Тағаладан қайырлысын нәсіп етуін сұрайды. Бірақ ол істер парыз, уәжіп етілген ғибадаттардан болмауы тиіс. Мысалы, «жұма намазына барсам ба, бармасам ба?» немесе «биыл рамазан оразасын тұтсам ба, тұтпасам ба?», сол сияқты «үтір намазын оқысам ба, оқымасам ба?» деп истихара оқымайды. Себебі ол нәрселер онсыз да міндетті істерге жатады. Егер шариғат ескеретін себептер болмаса оны істеуге, не істемеуге ерік берілмейді. Сол сияқты шариғатта тыйым салынған күнәлі істерге, харам нәрселерге қатысты да истихара оқымайды.

Истихара тек мубах (шариғатта рұқсат етілген және істеуге, не істемеуге ерік берілген) істерге ғана қатысты оқылады.

Сонымен қатар сүннеттерді «орындасам ба, жоқ па?» деп те истихара оқымайды. Анығын Алла біледі!

Ғалым ибн Хажар әл-Асқалани былай деген: «Жүрекке келіп-кететін нәрселердің үш тәртібі болады:

  1. Осыны жасасам ба, жасамасам ба деп қатты ойланып кетеді.
  2. Осыдан бір апат (бәле) келіп қала ма екен деп ойға батады.
  3. Осы екеуінің қайсысын атқарсам маған береке келеді, мынаусынан жамандық келіп қала ма екен деп уайымға түседі. Міне, осы үш жағдайда истихара оқылады. Және бұл үш ойдың ешқайсысына күнә жоқ.

материал Дастан Құрманбаевтың «Истихара» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.