Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Пайғамбардың (с.ғ.с) балаларға деген мейірімінен насихат

Пайғамбардың (с.ғ.с) балаларға деген мейірімінен насихат

0 73

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) балаларға деген мейірімі асқар таудай еді.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) балаларға аса мейірімді еді. Жолда кездескен балаларды түйесіне мінгізіп, оларды мәз-мейрам ететін. Балаларды жақсы көретіні сондай кездескен сайын сәлем беретін.

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ата-ана мен балаларға қатысты әңгімелерге ет-бауыры елжіреп, оларды тыңдағысы келетін. Бір күні кедей бір әйел екі қызымен Хазіреті Айшаға (радиаллаһу анһә) келеді. Хазіреті Айша (радиаллаһу анһә) оларға беру үшін бір құрмадан басқа ешнәрсе таба алмаған соң, құрманы аналарына береді. Ал, аналары құрманы екіге бөліп, балаларына жегізеді. Хазіреті Айша (радиаллаһу анһә) бұл оқиғаны Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айтқан кезде, Расулулла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай тіл қатқан еді:

«Балаларды лайықты түрде сүю және қорғау – тозақтан (жәһаннам) құтылу».

Оның балаларға деген мейірімі тек мұсылман балаларына ғана байланысты емес еді. Мүшрік балаларын да мейірлене жақсы көретін еді. Бір соғыс кезінде бірнеше бала екі жақтың ортасында қалып қойып өлген еді. Бұл қайғылы оқиғадан хабардар болған

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қатты қайғырыпты. Әскерлер Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайғырғанын көріп: «Я, Расулулла! Неге мұншалықты қайғырып отырсыз? Бұлар мүшрік балалары емес пе?» – дейді.

Алла Расулі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Бұл балалар мүшрік балалары болса да – күнәсіз балалар ғой. Абай болыңдар, балаларды өлтіруші болмаңдар! Әрбір адам алғаш жаратылғанда сүттей ақ болып жаратылады», – деген.

Жабир бин Самура (радиаллаһу анһу) деген асхабы айтады: «Бір күні Пайғамбарымызбен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге намазымды оқыдым. Намаздан кейін Расулулла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйіне кетті.

Ал, мен соңынан ердім. Расулулла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жолда балаларға кезігіп, барлығының бастарынан сипады және солармен бірге менің де басымнан сипады.

Бір күні Расулулла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір баланы сүйіп тұрған кезінде бір бәдәуи келіп

Расулуллаға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Сіз балаларды мұншалықты сүйесіз. Ал мен, он балам болса да, бір ретте құшағыма алып сүймеппін!» –

дейді. Алла Расулі оған: «Алла Тағала сені мейірім сезімдерінен мақрұм етсе, мен не істейін», – деген еді…

материал «Пайғамбардың (с.ғ.с) күнделікті іс-әрекеттері»

кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.