Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Пайғамбардың (с.ғ.с) тазалықшы әйелдің қабірін зиярат етуі

Пайғамбардың (с.ғ.с) тазалықшы әйелдің қабірін зиярат етуі

0 246

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) кезінде бір қара нәсілді әйел кісі мешітті тазалап жүретін. Кейіннен ол дүние салады да, оның жерлеуін ешкімге хабарламастан өткізіп жібереді.

Жаңағы әйел көрінбей қалған соң Пайғамбарымыз (с.ғ.с)  ол жайлы сұрайды. Адамдар:

– Уа, Алла Елшісі! Ол қайтыс болды, – дейді.

– Неге маған айтпағансыңдар! Оның қабірін маған көрсетіңдер! – дейді Пайғамбарымыз (с.ғ.с). Сосын қабірінің басына барып жаназа намазын оқиды.

Қазір адамдар жаназаны да жағынудың амалы ретінде жасап алған. Абыройлы біреу не соның туысы қайтыс болса, бәрі жапырылып барады. Кембағалдау біреу өтсе, көрші-қолаңы ғана жаназасына қатысады.

Бірде бір қаланың қазысының қызметшісі қайтыс болыпты. Қаладағы саудагер, үлкен-кіші, тайлы-тұяғы қалмай көңіл айтуға барыпты. Күн өтіп қазының өзі өмірден өткенде аналардың ешқайсысы келмепті. Өйткені олар жаңа қазыны құттықтауға кетіп қалған еді.

материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.