Рабиға ибн Кәғб әл-Әсләми былай дейді: «Пайғамбарымызға қызмет қылып, қасында түнеп жүретін едім.
Бірде дәрет суын дайындап, маңында жүрдім.
– Не сұрайсың? – деді маған.
– Жәннатта сізбен бірге болуы сұраймын! – дедім.
– Тағы бірнәрсе сұрайсың ба?
– Жоқ! Сол ғана!
– Олай болса, көп сәжде етіп, маған көмектес! – деді.
Жәннатқа тіпті пайғамбар болса да ешкім амалымен, қылған жақсылығымен кіре алмайды. Тек қана Алланың қалауымен, Оның мейірім-шапағатымен ғана кіреміз.
Бірақ жақсы амалдардың рахметке себепші болатынын ұмытпау керек. Үйіңдегі Құранның бетін ашпасаң, шаң басып жатса, намазыңа немқұрайлы қарап қаза қылсың, тәһәжудке тұру үшін амалдарыңды жеткілікті деп ойласаң, садақаны бекер ақша құрту деп санасаң, тіліңде зікірің болмаса қалайша, қандай рахметті үміт етпексің?!
материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,
sunna.kz