Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Рамазан айында болған тарихи оқиғалар

Рамазан айында болған тарихи оқиғалар

0 175

1. Рамазан айында болған оқиғалардың ең маңыздысы – Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) қасиетті Құранның түсуі.

2. Бәдір шайқасы. Бұл – ислам үмбетінің тарихында ақиқат пен жалған арасында болған алғашқы шайқас. Бұл шайқаста ақиқатты қорғаушы мұсылмандар Алланы медетімен жеңіске ие болды. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Расында, Алла сендерге Бәдірде жәрдем берген еді. Сендер онда әлсіз едіңдер. Олай бола Алладан сақсыныңдар! Мүмкін, шүкір етушілерден боласыңдар» – деген.

3. Ибн Аббас: «Бәдір шайқасы һижраның екінші жылында рамазан айының он жетінші жұлдызында жұма күні болды. Ол күні осы үмбеттің перғауыны және исламның қатты дұшпаны Әбу Жәһл өлтірілді» – деп айтқан.

4. Меккенің алынуы. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Расында, Біз саған айқын жеңісті сыйладық», – деген. Бұл жеңіс һижраның сегізінші жылында рамазан айының жиырмасыншы немесе жиырма бірінші жұлдызында жұма күні жүзеге асты. Бұл жеңістің нәтижесінде Қағбаның іші-сыртындағы пұттар халықтың өз қолымен талқандалып, Мекке пұтқа табынушылықтан тазарды.

5. Һижраның тоғызыншы жылы Тәбук шайқасымен байланысты бірнеше оқиғалар рамазан айында орын алды.

6. Һижраның оныншы жылының рамазан айында Пайғамбар (с.ғ.с) Йеменге Әлидің басшылығымен әскер жіберіп, Йеменде ислам діні орнады.

7. Омардың заманында мұсылмандар мен парсылар арасында қақтығысқан Қадисия шайқасы да рамазан айында болып, мұсылмандардың жеңісімен аяқталды.

8. Һижраның 92 жылы рмазан айының жиырма сегізінші жұлдызында Тарик ибн Зияд басқарған әскермен Испания алынды.

9. Һижраның 658 жылы рамазан айының он бесінші жұлдызынд жұманың таңында Мысырдағы мәмлүктер сұлтаны Құтұз басқарған мұсылман әскерімен моңғолдар арасында Айн Жалұт сайында үлкен шайқас өтті. Бұл шайқаста Алланың қалауымен мұсылмандар жеңіске жетті.

материал «Ислам ғибадаты» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.