«Зекет және қайырымдылық» қоры 500 адамға ауызашар таратты
«Зекет және қайырымдылық» қоры 500 адамға ауызашар таратты
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Рамазан айының алғашқы күні Астана қаласындағы «Пригород» шағын ауданында 500 адамға ауызашар таратты.
Қайырымдылық шарасы аясында тұрғындарға ыстық тағам, сусындар және құрма үлестірілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл игі іс Рамазан бойы жалғасып, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға, көпбалалы отбасыларға және мұқтаж жандарға тұрақты түрде көмек көрсетіледі.
Ауызашар алған тұрғындар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, қасиетті айдың берекелі өтуін тіледі. Қор өкілдері мұндай шаралар қоғамдағы мейірімділік пен ауызбіршілікті нығайтуға бағытталғанын атап өтті.