«Кімде-кім Қадір түні иманмен және сауабын үміт етіп құлшылық етсе, оның алдыңғы күнәлары кешіріледі», – деген риуаят бар (Бұхари).«Біз шынында, Құранды Қадір түнінде түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні (қасиет және сауап жағынан) мың айдан да қайырлы. Сол түнде періштілер және Жәбірейіл Алланың әмірімен (жер бетіне Алла тағдыр еткен) барлық істерді атқару үшін түседі. Сол бір түн, ағарып таң атқанға дейін амандық-тыныштық түні болады» («Қадір» сүресі).
Маликтен (Алла оған разы болсын): «Рамазан айы кіргенде Алла елшісі (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерге мына ай келді. Бұл айда мың айдан артық түн бар. Кімде-кім осы түннің жақсылығынан мақұрым қалса, жақсылық атауынан құр қалғаны. Оның жақсылығынан тек қана нағыз мақұрым адам ғана құр алақан қалады», – деген риуаят бар (Ибн Мажаһ).
Қадір түні Рамазан айының соңғы он күндігінде келеді. «Айша (Алла оған разы болсын) анамыз: Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Қадір түнін Рамазанның соңғы он күннің тақ түндерінен іздеңдер», – деген хадис жеткізген (Бұхари, Мүслім, Термизи).
Айша анамыздың «Рамазанның соңғы он күндері келгенде, Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түндерін намазбен өткізетін, отбасы мүшелерін де оятатын және құлшылықтарында ерекше ынта танытатын», ‒ деп айтқан (Бұхари, Муслім).
Әнас бин Маликтен (Алла оған разы болсын): «Рамазан айы кіргенде Алла елшісі (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерге мына ай келді. Бұл айда мың айдан артық түн бар. Кімде-кім осы түннің жақсылығынан мақұрым қалса, жақсылық атауынан құр қалғаны. Оның жақсылығынан тек қана нағыз мақұрым адам ғана құр алақан қалады» – деген. (Ибн Мажаһ).
материал «Мүбәрак Рамазан» кітабынан алынды,
sunna.kz