Иман еткен пенде әрбір ісін бір Алланың атымен бастап, қуанғанда шүкір етіп, сынақ кезіккенде сабыр етеді. Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табатынын сезетін мұсылман баласы Жаратушыға жақындайтын амалда жігерлі болады. Адам баласына берілген ғұмырды саналы түрде өткізуді әрбір пенде қалайтыны ақиқат. Дегенмен, кейде бүгінгі таңда қоғамда орын алып жататын келеңсіз жайттарға куә боламыз. Тағдыр сынағына кезіккенде күйзеліске салынып, шарасыздықтан өз-өзіне қол салу, ішкілікке салыну, өмірден баз кешіп отбасы аманатын бұзу сынды оқиғаларды көз көріп жатады. Осындай келеңсіздіктердің алдын-алу мен оның емі – асыл дініміз Исламда жете түсіндірілген.
Қандай да бір істі бастарда немесе жоспарлаған шаруаға ниет еткенде, тіпті таңертең үйден шығарда бір Аллаға тәуекел етіп, өзін және ойлаған ісінің Алланың назарынан тыс болмайтындығына сенім артқан пенденің ең әуелі жүрегі тыныштық табады. Денеміздегі бір кесек ет «жүректің» тыныштығы болғанда атқарар ісіміз де берекелі болады.
Омар (р.а) «Алла елшісінің (с.а.у): «Егер де Аллаға шынайы түрде тәуекел етсеңдер, Хақ Тағала сендерді таңертең ұясынан аш құрсақ ұшып шығып, кешке қарай жемсауы толып оралған құстарды ризықтандырғаны секілді ризықтандырар еді», деп айтқанын естідім», – деген. Демек, адам баласына ризық беруші, бізді махаббатпен жаратқан мейірім иесі Алланың кеңшілігі мен қамқорлығы шексіз.
Ислам ғұламаларының тәуекел туралы тоқтамына тоқталсақ, тәуекелдің жемістері төмендегідей:
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін әлемдердің Раббысы Алла Тағаланың сөзімен түйіндесек: «Кім де кім Аллаға тәуекел етсе, онда Ол (Алла) оған жеткілікті» («Талақ» сүресі 3-аят).
Олай болса, тәуекелдің талаптары мен шарттарын шариғатқа сай сақтай отырып, Мәңгі Тірі, құдіреті шексіз, көктер мен жерді меңгерген жалғыз Аллаға шынайы тәуекел ете білсек, ісіміз оңға басып, екі дүние бақытына бөленеріміз хақ!
материал «Ислам діні» кітабынан алынды,
sunna.kz