Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді (фото)

Мешіт ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді (фото)

0 73

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадис шәрифінде: «Тазалық- иманның жартысы, Алла Тағала тазалықты жақсы көреді» – делінген.

Алла Елшісінің осынау өсиетіне амал еткен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің қызметкерлері «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, сенбі күні мешіт қызыметкерлері мен мешіт жамағаттары бірлесе отырып, мешіттің ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді. Мешіттің әйел жамағаты мен шәкірттері де тазалық жұмыстарына атсалысты.  Мешіт ауласындағы күл-қоқыс, жапырақтар тазаланып, арамшөптерді өртеп, мешіт ауласы сыпырылып, ағаштың түптері әктеліп сыланды.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.