Пайғамбардың (с.ғ.с) жақсы көрген түстері мен иістері
Пайғамбардың (с.ғ.с) жақсы көрген түстері мен иістері
Алла елшісі (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) ақ, жасыл және сары, түстерді ұнататын және ең жақсы түс ақ екендігін айтатын. Кейде басынан аяғына дейін сары түсті киген. Қызыл түсті ұнатпайтын.Бір күні Абдулла ибн Омар (р.а) қызыл түсті киім киіп, пайғамбарымызға барған болатын. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) үстіндегі киімін ұнатпағанын сездірместен, Абдулла (р.а.) үиіне барып, сол киімін өртеп жіберген еді.
Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) бұл жасаған ісін білгеннен кейін, Абдулла ибн Омарға: «Сол киіміңді босқа өртегенсің. Одан да бір әйелге бере салу керек еді,»-дейді.
Ол жақсы иістерді ұнататын еді. Себебі, әдемі иіс пайғамбарымыздың бұл дүниеде жақсы көрген үш нәрсесінің бірі еді. Арабтарда (Сүкк) деп аталатын иіс қолданылатын. Сахабалар пайғамбарымыз жанымыздан өткенде артында хощ иіс қалдыратынын айтатын. Пайғамбарымыздың қолданған миск мен анбері жұпар иісті әрі хош иісті еді.
материал «Еліктеуге кім лайық?» кітабынан алынды,
sunna.kz