Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Сығанақи институтының алғашқы түлектеріне куәлік табысталды

Сығанақи институтының алғашқы түлектеріне куәлік табысталды

0 72

Астана қаласында Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы ислам институтының алғашқы түлектеріне арналған салтанатты куәлік табыстау рәсімі өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты бұл оқу орны үш жыл бұрын іргетасын қалап, бүгін алғашқы жемісін беріп отыр.


Шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Түркия мен Мысыр елшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ, зиялы қауым, еліміздегі белгілі дінтанушылар мен ұстаздар қатысып, түлектерге жылы лебіздерін білдірді.

«Бүгін – біз үшін ерекше қуанышты әрі тарихи күн. Осыдан 3 жыл бұрын имамдарға терең білім беру, классикалық еңбектерді оқыту, араб тілін жетік меңгеруге ықпал ету және діни мәселелерді түсіндіру қабілетін дамыту мақсатында Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы Ислам институтын ашқан едік.

Аллаға шүкір, «Ислам ілімдері» бағыты бойынша терең білім алған институттың тұңғыш түлектері өздеріне тиесілі куәлікті алғалы отыр. Институт жанынан ашылған «Ижаза» орталығында тәлім алған қарилардың үшінші тобына да арнайы куәлікті табыстаймыз. Алла Тағала алған білімдеріңіздің игілігін көруді жазсын» – деді салтанатты шарада сөз алған ҚМДБ Төрағасы.

Салтанатты шара барысында тек негізгі бағытты тәмамдаған түлектерге ғана емес, институт жанындағы «Ижаза» орталығында білім алған қариларға да арнайы куәліктер табысталды. Бұл шәкірттер Құран Кәрімді толық жаттап, қырағат ілімінен тиісті сынақтардан сәтті өткен.

Куәлік алған түлектер:
– Нұрбол Әділмұратұлы
– Ақпанов Ерғазы Өмірханұлы
– Дауылбаев Қанат Қалиоллаұлы
– Жұмашев Серік Қайратұлы
– Ақжол Исабекұлы
– Қыдырхан Медет Серікқазыұлы
– Мырзағалиев Аңсаған Қайратұлы
– Найма Арман Айдарғазыұлы
– Ерәлі Отарбекұлы
– Сарсенғалиев Мақсат Сәлімұлы
– Сыдықов Нұрболат Әбжаппарұлы
– Темірханов Асылхан Нұртайұлы
– Әбдіқұл Ғазиз Асанұлы
– Ернар Саламатұлы

Құран ижазасы берілген қарилар:
– Абдіғамид Осман Абзалұлы
– Ахмет Серік Полатханұлы
– Әуесхан Нұрболат Нұрбекұлы
– Даукен Қайырбай
– Жақсылық Еркебұлан Сержанұлы
– Исмаили Азамжан Яхяхожаұлы
– Садырхан Жұманазар Усерханұлы
– Салимбек Омар Сайфудинұлы
– Сқақов Омар Асанұлы
– Нұрбақыт Шаймардарұлы
– Шаудырбай Ерболат Ергешұлы
– Ятимов Мехроджиддин Хайриддинұлы

Бұл – Қазақстанда діни білім берудің жаңа кезеңге аяқ басқанын білдіретін маңызды қадам. Институт түлектері – еліміздегі мешіттер мен медреселерде, діни-ағарту салаларында қызмет ететін болады.

Айтулы шара соңында ҚМДБ Төрағасы институт ұстаздарына алғыс хат табыстап, сый-сияпат жасады.


























Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.