«Діни теріс ағымдардың алдын-алу» тақырыбында жиын өтті (фото)
«Діни теріс ағымдардың алдын-алу» тақырыбында жиын өтті (фото)
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Діни теріс ағымдардың алдын-алу» тақырыбында жиын өтті.
Жиынға арнайы келген ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің маманы Ислам Маратұлы мен Астана қаласы бойынша діни оңалту бөліміне жауапты маман, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Қабдысалым Рақымғазы тақырып аясында насихат айтты.
Мешіт ұжымына арналған жиында мамандар дәстүрлі исламның қазіргі кездегі пайда болып жатырған теріс діни ағымдардан айырмашылығын, олардың қоғамға келтіріп жатырған зияндары туралы мәлімет бере отырып, жеке құрамға өзін және жақындарын теріс діни ағымдар шырмауынан алшақ болу үшін дұрыс тәрбие бере білу керектігін түсіндірді. Қазіргі уақытта жастарымыздың көбісінің діни білімінің төмендігінен алдау-арбауға оңай беріліп, адасып жатырғанын мысал келтіре отырып жеткізді. Теріс діни ағымдарға тәуелді болудың алдын алу және исламдағы отбасы мәселесі жайында кеңінен түсіндіріп, балаларына, жастарға тәрбие бере отырып, дұрыс бағыт беруге шақырды.
sunna.kz