Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жұма уағызын айтты

Бас мүфти «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жұма уағызын айтты

0 91

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Сендердің ең ардақтыларың – тақуаларың» тақырыбында жұма уағызын айтты.

«Адам баласынының екі дүниеде дәрежесінің көтерілуіне, жасаған игі амалдарының қабыл болуына, Жаратушысының құзырында ардақтылардың қатарынан болуына себепші болатын сипат – тақуалық. Асыл дінімізде тақуалық деп –Алла Тағаланың бұйрықтарын орындау және тыйымдарынан тыйылу арқылы Оның азабынан сақтануды айтамыз.

Шәкәрім Құдайбердіұлы бабамыз өзінің «Мұсылманшылық шарты» атты кітабында тақуалықтың мән-мағынасы жөнінде: «Иманды әрқашан айтып, салақ болмай жүру керек. Құранда неше жерде пейіш – тақуалар үшін деген. «Тақуа» деп – сақтанғандарды айтады. Адам әр уақыт Алла Тағаланың ғазабынан қорқынышта, рахметінен үмітті болып, қауіп пенен үміттің ортасында болуы керек», – деп айтқан»,-деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.










Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.