Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елорда имамдарының басқосу жиыны өтті (фото)

Елорда имамдарының басқосу жиыны өтті (фото)

0 145

Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің басшылығымен елорда имамдарына арнайы жиын өтті.

Астана медресе-колледжі ғимаратында өткен жиында қала бас имамы жуырда ғана медресе директоры қызметіне тағайындалған Қанат Оңғарбаевты арнайы құттықтап, медресе жұмысына сәттілік тіледі

Жиында жыл соңында атқарылатын маңызды шаралар мен ҚМДБ тарапынан жүктелген негізгі тапсырмалардың орындалу барысы, сондай-ақ жалпы дін саласына қатысты барлық бағыттар қамтылды.

«Біз атқарған әрбір ісіміз – қоғамға қызмет ету, дінімізді насихаттау жолындағы маңызды қадам. Елордалық мешіттердің жұмысы жүйелі әрі жемісті болу үшін әрбір имамның жауапкершілігі зор. Барлықтарыңызға алдағы шараларды табысты жүзеге асыруға, жамағатпен тығыз байланыста болуға және дін қызметін одан әрі жетілдіруге тілектеспін» – деді қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы.

дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.