Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт шәкірті республикалық Құран жарысының жеңімпазы атанды (фото)

Мешіт шәкірті республикалық Құран жарысының жеңімпазы атанды (фото)

0 110

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ұйымдастыруымен еліміздегі жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында өткізілген республикалық Құран жарысында мешіт шәкірті жеңімпаз атанды.Бұл рухани Құран жарысына республика бойынша жүзден астам студент қатысып, өзара бақ сынасты. Бір пара мен бес пара аралығында Құран Кәрімді жатқа оқу бойынша өз білімдері мен қабілеттерін ортаға салды.

Қатысушылардың тәжуид қағидаларын меңгеруі мен оқу мәнеріне кәсіби қазылар алқасы әділ бағасын берді.

Мешітіміздің шәкірті Қали Дастан 30 пара аталымы бойынша жүлделі бірінші орын иегері атанды. Айта кетейік, жеңімпаз атанған шәкіртіміз мешіт ұстазы Сұңғат Саметовтың Құран жаттау тобының дәріс алушысы.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.