Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне наиб имам тағайындалды (фото)

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне наиб имам тағайындалды (фото)

0 91

Бүгін қасиетті жұма намазында мешіттің бас имамы Руслан Нақыпбекұлы жамағатқа жаңадан тағайындалған наиб имам Фархат Исаұлын таныстырды.Он жылға жуық асыл дінімізге қызмет етіп келе жатқан білікті имамның алдағы жұмысына сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

Фархат Исаұлы 1989 жылдың 11 қаңтар күні Түкістан облысы, Бәйдібек ауданында дүниеге келген.

Білімі:

2007-2010 жж. – Шымкент медресе-колледжін;

2010-2013 жж. –  «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

2013-2019 жж. – Астана қалалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы;

2019-2023 жж. – Астана қаласы «Aqmeshit» мешітінің наиб имамы;

2023-2025 Астана қаласы «Әл-Ғани» мешітінің ұстазы қызметін абыроймен атқарған.

2025 жылдың 28 қарашасынан бастап Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалды.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.