Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жәннаттың ең кедей және ең бай тұрғыны қандай?

Жәннаттың ең кедей және ең бай тұрғыны қандай?

0 59

Жәннат адам көрмеген бақыт және өлімі жоқ мәңгілік рахат. Кімде-кім Жәннатқа кірсе, ешқашан шықпайды. Ол жақта өкініш, қайғы-қасірет, көре алмаушылық болмайды. Тек қана ақыл мен жанды сергітетін шаттанып өмір сүру. Көз жайнатқан жемістер, алуан түрлі еттер, көңіл көтеретін ішімдіктер. «Оларды көңілі тартқан жемістермен және еттермен үстемелеп қамдаймыз. Олар бірбіріне (сусын толы) тостағандарды жарыса ұсынады. Онда артық ауыз сөз бен күнәлі іс те болмайды» (“Тур” сүресі, 22-23-аяттар).

Хазіреті Абдулла ибн Масғут (Алла одан разы болсын) жеткізген хадисте тозақтан ең соңғы шығып, Жәннатқа ең соңғы кіретін адамға берілетін Раббысының сыйын баяндап: «Саған дүниенің он есесі (беріледі)» – дейді (Сахихәл- Бухари (7511). Онда ең байы қандай жағдайда болмақ?!

материал «Жүректерді оятушы» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.