Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт әдептері: Мешітте дауыс көтермеу

Мешіт әдептері: Мешітте дауыс көтермеу

0 315

Мешітте дауыс көтеріп сөйлеу – мәкруһ. Мешітке барған адам ол жер Алла Тағаланың үйі екенін ескеріп, әрі ғибадат жасаушы басқа да мұсылмандарға кедергі келтірмейтіндей бәсең дауыспен сөйлегені жөн. Сайб ибн Иазид деген кісі былай дейді:

«Мешітте тұрған едім бір кісі мені таспен ұрып түртті, қарасам Омар ибн Хаттаб екен.

Ол кісі маған: «Анау екеуін шақырып келші» – деді. Ол екеуін оған алып келдім.

Сонда Омар ол екеуіне: «Кімсіңдер» немесе «Қайдан боласыңдар», – деді.

Олар: «Тайф елінен боламыз», – деді. Оларға Омар: «Егер сендер қаламыздан болғандарыңда (яғни, Медина қаласының тұрғындары болғандарыңда), Алланың елшісінің мешітінде дауыстарыңды көтеріп сөйлегендерің үшін, қаттырақ ұрып ескертер едім» – деді. (Бухари).

Алайда уағыз-насихат айту, білім үйрету мақсатында дауысты көтерудің ешқандай айыбы жоқ.

 

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.