Көршіге ілтипат көрсету және қамқорлық жасау әдебі
Көршіге ілтипат көрсету және қамқорлық жасау әдебі
Иман кемелдігі мен діннің шынайылығы, Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтқандай, көршіге жақсылық жасау мен оны ренжітуден тыйылу болып табылады. Алла тағала көршіге жақсылық жасауды жалғыз Өзіне ғана бойсұну туралы бұйрығымен байланыстырып: «Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған ешнәрсені ортақ қоспаңдар. Сондай-ақ әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа және жолда қалғандар мен қол астыңдағыларға жақсылық жасаңдар», – дегені жеткілікті.
«Бөгде көрші» дегенде алыстау көршісі яки алыстағы туысы туралы, ал «жан жолдас» дегенде серігі яки қызметтес немесе ортақ іспен айналысушы адам туралы айтылған.
Сонымен шариғатта көршіге тек жақсылық жасау немесе оған ілтипат көрсету ғана талап етілмейді, оған әлеуметтік қарым-қатынас тарихында бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде маңыз беріледі. Төмендегі хадиске назар аударыңыз: Айша (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Жәбірейілдің (аләйһис-сәләм) маған көрші туралы көп айтқаны соншалықты, ол маған көршіге мирас беру керек деп айтар ма деген ойға келдім», – деді», –деген.
Яғни Жәбірейілдің Пайғамбарға көршінің құқығы туралы ұзақ түсіндіргені сондай, ол (с.а.с.) «енді Жәбірейіл көрші мирас алушылардың қатарына жатады» деп айтатын шығар» деп ойлаған.
Егер мұсылман қолына түскен ақшаның иесі кім екенін білуге немесе ол адамды табуға мүмкіндігі болмаса, садақа ретінде таратып беру арқылы ғана ол ақшадан құтыла алады, ал сауабы ақшаның иесіне барады.
Мәлик ибн Динар: «(Бір күні) мен Ата ибн Әбу Рабахқа, қолында харам ақшасы бар, бірақ оның кімдікі екенін білмейтін және одан құтылуды қалайтын адам туралы сұрақ бердім, (сонда) ол: «Ондай ақшаны садақа ретінде үлестіру, бірақ одан ол сауап алады демеймін», – деп жауап берді», – деген.
Сондай-ақ харам ақша туралы Шафиғидің (Алла оған рақым етсін): «Ондай ақшаны таратып берудің қажеті аз, иесі табылғанша сақтасын», – деген пікірі де белгілі. Яғни ол ондай ақшаны таратпау керек, оны құқылы адамның кім екені анықталғанша сақтаған жөн деп есептейді.
Фудайл ибн Ғиадтың пікірінше, қолында харам ақшасы бар адам, оның иесінің кім екендігін білмесе, садақа ретінде таратпай, теңізге лақтырып немесе басқа жолмен көзін жойып жіберген дұрыс. Өйткені пенде Аллаға жақсы нәрселермен ғана жақын бола алады.
Ал Ибн Ражаб: «Ондай ақшаны садақа ретінде таратып беру дұрыс. Өйткені ақшаны жойып жіберу немесе босқа ысырап ету дұрыс емес, ал текке сақтау оны жойғанмен немесе оған бір зорлықшылдың ие болуымен бірдей. Ол ақша – иесіне Ақыретте пайда келтіруі үшін ақшаның иесі атынан таратылатын садақадан басқа ешнәрсе емес. Өйткені ол ақшасын бұл дүниеде пайдалана алмайды», – деген.
материал «Әл-Уафи» кітабынан алынды,
sunna.kz