Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшелері мерекелік медальмен марапатталды

ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшелері мерекелік медальмен марапатталды

0 43

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшелері – көрнекті ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековті, сондай-ақ белгілі әскери қолбасшы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерекелік медалімен марапаттады.


Марапатты табыстау барысында Бас мүфти дін мен дәстүр сабақтастығын сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қоғамда рухани тұрақтылық пен татулықты нығайту жолындағы қажырлы еңбектеріне арнайы тоқталып өтті. Сонымен қатар Ақсақалдар кеңесінің ел ішіндегі береке-бірлікті бекемдеуге қосып отырған үлесіне ерекше мән берді.

Өз кезегінде Ақсақалдар кеңесінің мүшелері көрсетілген құрмет үшін ризашылық білдіріп, ҚМДБ-ның ел бірлігі мен рухани тұрақтылықты нығайту жолындағы жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойы аясында ел дамуына, рухани жаңғыруға және ұлттық бірлікке үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсету ісі жүйелі түрде жалғасқан еді.











Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.