Жауап: Ораза ұстаушыға сәресін таң намазына жақындатып ішу және аузын тездетіп ашқан сүннет болып саналады[1]. Зайд ибн Сәбиттен жеткен хадисте былай делінеді: «Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге сәресін ішіп болған соң, намазға тұратын едік»[2].
Тағы бір хадисте: «Адамдар ауыз ашуға асыққан сайын әрдайым жақсылықта болады»[3], – делінген.
Сондықтан сәресін таң намазының уақытына жақындатып ішу әрі ауызды күн батқаннан кейін тездетіп ашқан дұрыс.
[1] Асғад Мухаммад Сағид әс-Сағуржи, «әс-Сәум», 23.
[2] «Сунәну әт-Термизи», 2/104.
[3] «Сунәну әт-Термизи», 2/103.
материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,
sunna.kz