«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті қала тұрғындарына тәтті ұсынды (фото)
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті қала тұрғындарына тәтті ұсынды (фото)
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұйымдастыруымен Рамазан айының құрметіне орай ерекше ізгі шара өтті.Мешіттің әйел жамағаты серуендеп жүрген қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында тәттілер тарту етті.
Ізгі шараның мақсаты қала тұрғындарына мүбәрак мерекенің қадір-қасиетін сезіндіру, қуаныш сыйлау. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетіне амал еткен мешіт ұжымы бұған дейін де діни мерекелерде тұрғындарға қуаныш сыйлаған болатын.
Мерекені сезінген қала тұрғындары мешіт ұжымына ыстық ықыластарын білдірді.

sunna.kz