«Сәдуақас қажы Ғылмани»: Қадір түнінде Хатым дұғасы жасалды (фото)
«Сәдуақас қажы Ғылмани»: Қадір түнінде Хатым дұғасы жасалды (фото)
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Қадір түнінде көпшілікпен бірге Хатым дұғасы жасалды.
«Сәдуақас қажы Ғылмани»мешітінде ай бойы үш бірдей білікті қари Құран Хатым оқыды. «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстаздары, білікті қариларымыз – Баусариев Дастан Бақытбекұлы мен Муратов Теміржан және Mahmoud Mohamed Hasan оқыған Құран хатым аяқталды.
Қасиетті Қадір түні көпшілікпен барша мұсылмандарға бағышталып, еліміздің ауызбіршілік-ынтымағы, халқымызға барша мұсылман қауымына барлық жақсылықтар тілеп, дұға жасалды.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов көпшілікке Қадір түнін құлшылық-ғибадатпен қалай өткізу керектігін, ислам дінінің құңдылықтарын жан-жақты түсіндірді.









sunna.kz