Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Садуақас қажы Ғылмани»: «Имани жаз – 2026» жазғы діни сауат ашу курсы басталды

«Садуақас қажы Ғылмани»: «Имани жаз – 2026» жазғы діни сауат ашу курсы басталды

0 42

«Садуақас қажы Ғылмани» мешітінде балаларға арналған «Имани жаз – 2026» жазғы діни сауат ашу курсының ашылу салтанаты өтті.
Шара барысында мешіттің наиб имамы Қондыбай қажы Серікбайұлы қатысушыларға курстың мақсаты мен бағдарламасы туралы баяндап, білім мен тәрбиенің маңыздылығына тоқталды. Ол жас буынның имандылыққа тәрбиеленуі, Құран әліппесін меңгеруі, ислам әдебі мен көркем мінезді бойына сіңіруі – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті.

Курсқа келген шәкірттерге арнайы оқу құралдары таратылып, алғашқы таныстыру сабағы өткізілді. Ата-аналар балаларына ақ тілектерін айтып, игі бастамаға қолдау білдірді.

Жазғы курс барысында балалар Құран әліппесін үйреніп, діни сауаттарын арттырып, түрлі тәрбиелік және танымдық бағдарламаларға қатысады.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.