Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС ИМАМ АҚСАҚАЛДАРҒА ЖАҢА КІТАПТЫ ТАНЫСТЫРДЫ (ФОТО)

0 1  896

19-қазан. Астана. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ақсақалдар алқасына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Ұлы Дала темірқазығы» атты жаңа кітаптың таныстырылымы өтті.

Астана қаласы Өкілдігінің тапсырмасы аясында, жыл бойы мешітімізде арнайы дәріс алып жатқан ақсақалдар алқасына, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітнің Бас имамы Жұманазар Садырханов  «Әзірет Сұлтан» бас мешіттің 5 жылдық мерейтойына орай шығарылған «Ұлы Дала темірқазығы» атты жаңа кітапты таныстырды.

Кітапта Ұлы Далаға ислам діні қалай жетті, және кешегісі мен бүгіні қамтылған тарихи тағылымға толы туынды. «Ислам – Қазақ хандығының қазығы», «Шариғатқа сүйенген дала заңдары», «Алаш арыстарының арпалысы», «Бүкілресейлік мұсылмандар съезді», «Қазақ мұсылмандығының жаңа белесі», «Әзірет Сұлтан» мешіті тәрізді маңызды тақырыптар қамтылған. Сонымен қатар, сонау ерте ғасырдан Ұлы Далаға жеткен асыл дініміз исламның талай тар жол таяғақ кешу соқпақтарын дәлелдейтін құжаттық деректер мен тарихи фотосуреттер, қанды қасап патшалық Ресей мен Совет үкіметі кезеңіндегі әрбір маңызды деректер толықтай бәдізделген.

Бас имам Жұманазар Садырханов жаңа кітаптың құндылығына һәм тарихи маңыздылғына тоқталып, бұл еңбек бабаларымыздан жалғасқан имандылық пен ізгіліктің жолы екендігін айтты. Сондай-ақ, мешіттегі шәкірт ақсақалдарың барлығана аталмыш жаңа кітап тәбәрік сый ретінде таратылды.

  «Сәдуақас қажы Ғылмани»  мешітіні  баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.