Кездесуге ҚМДБ-ның бірінші төраға орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфтилер – Алау Әділбай, Бауыржан Есмахан, ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, Қ.А. Йассауи атындағы Қазақ-түрік университетінің оқытушысы, профессор, философия ғылымдарының докторы Досай Кенжетай, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Сатершинов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің оқытушысы Құдайберді Бағашар, белгілі теолог-ғалым Мұқан Исахан, «Пікір» діндерді қолданбалы зерттеу орталығының директоры Асқар Сабдин, «Нұр Мүбәрак» университеті жанындағы «Әбу Ханифа» орталығының директоры Қайрат Құрманбаев қатысты.
Дөңгелек үстелде дәстүрлі дініміз – Ислам құндылықтарын насихаттау, халықтың діни сауатын көтеру, жастарға патриотизмді, толеранттылықты, төзімділік пен байсалдылықты насихаттау, дәстүрлі мәзһабты ұстанудың қажеттілігі, т.б. мәселелер сөз болды.
Ғалымдар ҚМДБ төрағасы көтерген мәселелер төңірегінде ойларын ортаға салып, мүфтиятпен бірлесе ортақ мақсаттарды жүзеге асыруға уағдаласты.
ҚМДБ баспасөз қызметі