Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырхановтың мұрындық болуымен, мешітімізде жыл бойы діни дәрістер алып жатқан аналар қауымы балар үйіне барып, бүлдіршіндері қуантып қайтты.
«Жерде бір бала күлсе, көкте күллі періште қуанады» деген адамзатқа ортақ даналық сөз бар-ды. Әлбетте, бұл сөз терең символикалық мәнге ие. Осындай даналықты бойына сіңірген, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің «Әйел-қыздар секторы жанынан құрылған «Аналар мектебі» мүшелерінің демеушілігімен және әйелдер жамағатының ұстазы Әлия Аусағатова апайдың ұйымдастыруымен, Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйіне» арнайы барып, балаларға сыйлықтар таратты. Атап айтсақ, киім-кешек және тәттілер мен түрлі ойыншықтар сыйлады.