Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ШЫМКЕНТТЕН ИМАМДАР КЕЛДІ (фото)

0 1  643

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен, Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бөлім жетекшілері мен бірқатар аудан бас имамдары Астана қаласына арнайы іс-сапармен келді.

Іс- сапар мақсаты –  Астана форуымында қабылданған  «ХХІ – ғасырдың үздік зияткер имамы» жобасын дамыту, Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен Астана қаласы бойынша өкілдігі арасында әріптестік қарым-қатынасты нығайту, діни жұмыстарды жан-жақты дамыту.

Шымкент қаласы бойынша өкіл имам Бақтыбай Бейсенбаевтың бастамасы аясында, түрлі салаға жауапты Шымкент қаласы бойынша өкіл имам орынбасарлары Мұхамеджан Естеміров, Әділхан Сертай, Иса Яхяев және «Шымкент медресесі» колледжінің директоры Талғат Әсембай, Әл-Фараби аудандық «Абдул Хамид Қаттани»  мешітінің бас имамы Бақдаулет Абдурахманов, Абай аудандық «Абдурахман» мешітінің бас имамы Қазыбек Сарыбаев, Еңбекші аудандық «Әл-Біләл» мешітінің бас имамы Дәулет Туленов және жастар ісі бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы, сайт жетекшісі Абзал Жауһаровтар келді.

Делегация алдымен «Нұр Астана» орталық мешітіне келіп, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкіл имамы және орталық мешіттің бас имамы  Асқар Мұқановтың қабылдауында болды. Осыдан кейін Астана қаласындағы тарихи мешіттердің бірі «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне келді. Шымкенттік делегацияны бас имам Жұманазар Садырханов қарсы алып, мешіт тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы және жалпы мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Сондай-ақ, шымкенттік имамдар мешіт жанындағы діни музейді де аралап, өткен ғасырдағы ислам тарихынан мағылұматтар алды. Және де имамдар өзара пікірлесіп, жан-жақты тәжірибелерімен бөлісті.

«Сәдуақас қажы Ғылмани»  мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.