Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

АЛЛАНЫҢ КӨРКЕМ ЕСІМДЕРІ-6

0 17  381

السَّلاَمُ

Әс-Сәләәм – Бейбітшіл. Есендік беруші. Жетіспеушіліктерден пәк. Өзінің жаратқан мақұлықтарына амандық береді. Егер бұл есімді 99 рет оқып, науқасты ұшықтаса шипа табады.

Әс-Сәләм   السَّلاَمُ Бейбіт, Сәлем Иесі ﴿

هُوَ اللهُ الذِي لا إِلَهَ إِلا هُوَ المَلِكُ القُدُّوسُ السَّلامُ

﴾ «Ол – Алла, Одан басқа құдай жоқ, Ол – Патша әрі Аса қасиетті, Бейбіт..»(Хашыр, 23).

عَنْ ابن مسعود رضي الله عنه قال : »كُنَّا إِذَا صَليْنَا خَلفَ النَّبِيِّ صلى الله عليه وسلم قُلنَا : السَّلاَمُ عَلَى جِبْرِيلَ وَمِيكَائِيلَ ، السَّلاَمُ عَلَى فُلاَنٍ وَفُلاَنٍ ، فَالتَفَتَ إِلَيْنَا رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم فَقَالَ: إِنَّ اللهَ هُوَ السَّلاَمُ.. الحديث« .  البخاري في كتاب الأذان (797).   

Ибн Масғұд (р.а.) былай деген: «Біз Пайғамбардың (ﷺ) артында намаз оқып тұрып «Жебірейіл мен Микайлға сәлем болсын, пәленге мен пәленге сәлем –бейбітшілік болсын» деп айтып едік, Пайғамбар (ﷺ) бізге бұрылды да: «Алланың Өзі Сәлем», – деді. Бұхари әл-Азан кітабында № 797 риуаят еткен.  

عَنْ ثَوْبَانَ رضي الله عنه أنه قَالَ : »كَانَ رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم إِذَا انْصَرَفَ مِنْ صَلاَتِهِ اسْتَغْفَرَ ثَلاَثًا وَقَالَ : اللهُمَّ أَنْتَ السَّلاَمُ وَمِنْكَ السَّلاَمُ تَبَارَكْتَ ذَا الجَلاَلِ وَالإِكْرَامِ« .  مسلم في كتاب المساجد (591) . 

Сәубан (р.а.) былай дейді: «Алланың елшісі (ﷺ) намазын аяқтағанда үш рет истиғфар айтып, сосын: «Уа, Алла! Сен Сәлемсің әрі сәлем Сенен! Құт-берекелісің, уа, ұлылық пен жомарттықтың Иесі!» – дейтін». (Мүслім әл-Мәсәжид кітабында № 591 риуаят еткен).

 عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رضي الله عنه أَنَّ النَّبِيَّ صلى الله عليه وسلم قَالَ : »‌إِنَّ السَّلامَ اِسْمٌ مِنْ أَسْمَاءِ اللهِ تَعَالَى فَأَفْشُوهُ بَيْنَكُمْ« .  البخاري في الأدب المفرد.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (ﷺ): «Расында әс-Сәләм – Бейбітшілік Алла Тағаланың есімдерінің бірі, сондықтан да оны араларыңда таратыңдар», – деген. Бұхари әл-Әдәб әл-Муфрад кітабында риуаят еткен. 

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.