Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ТҮРКІСТАН ТАРИХЫНАН 5 ДЕРЕК

0 2  008
Түркістан облысы (2018 ж. дейін Оңтүстік Қазақстан облысы) – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлігінде орналасқан. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 – 1992 жылы Шымкент облысы деп аталды.

Түркістан қаласы Орта Азия бойынша сақталған көне қалалардың бірі. Өзінің сан ғасырлық тарихында Түркістан түрлі мемлекеттер құрамында болды. Бірнеше рет қала іргесі сөгіліп, бірнеше рет қайта түледі.

Қала ежелде Ясы деп аталып, оның төңірегі VII-XII ғасырларда Шауғар өңірі ретінде тарихта қалған. Шауғар саяси-экономикалық орталық болды. Кейбір деректер бойынша Ясы ежелгі Шауғардың жанындағы қала болған, ал келесі бір пікір бойынша ол Шауғардың қала-серігі болған.

ХІІ ғасырда мұсылмандар үшін қасиетті мекенге айналды

ХІІ ғасырда сопылық ілімді белсенді ұстанушысы Қожа Ахмет Ясауи осы қалада жерленді. Ясауи өмірден өткен соң қабірінің басына үлкен мазар тұрғызылады. Мазар мыңдаған мұсылмандардың зиярат ететін орнына айналды.  Кесенені тұрғызуға ұйытқы болған Әмір Темір болатын.

Түркістан Қазақ хандығының астанасы болды

XVІ ғасырдың соңында Сырдарияның бойындағы қала Сығанақ өзінің бұрынғы маңызын жоғалта бастады. Ал, Түркістан Ахмет Ясауидің әсем де зәулім кесенесінің арқасында Орта Азияның рухани орталығына айналған болатын. 1598-1628 жылдары Есім хан Ясыны Түркістан деп атап, оны Қазақ хандығының орталығы етті. Қазақ хандары  XVІІІ ғасырдың соңына дейін билік құрды.

1694 жылдың шілдесінде Түркістанға Ресейден елшілер келді

Қаланы басқарып тұрған Тәуке хан елшілердің іс-әрекетін ұнатпады. Өйткені, қабылдау рәсімі кезінде елшілер ханның бас киімін шешуін талап етеді. Ресейде патшаның бұйрығын тек қана бас киімді шешіп отырып тыңдау тәртібі бар-тын. Алайда, Тәуке «қазақтар тіпті намаз оқығанда да басындағысын шешпейді» деген уәж айтып, елшілерлдің айтқанын орындамаған.

Түркістанда хандар, батырлар мен билер жерленген

Тарихи-мәдени «Әзірет султан» қорық-мұражайының территориясында 164 атақты тұлғалар жерленген. Олар әртүрлі заманда өмір сүрген күллі қазақ халқының игі жақсылары. Кесенеде қазақтың Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан,   Есім хан, Хақназар хан, Тауке хан, Шығай хан, Жәңгір хан, Қанжығалы Бөгенбай, тобықты Мамай, қоңырат Сырғақ жатыр.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.