Махаббат сезімі адам табиғатында бар нәрсе. Бірақ, мұсылман адам ол сезімін ақылына бағындырып, оны шариғи қағидаттар шеңберінде реттеуге тырысады. Бұл тұрғыда да Пайғамбарымыздың сахабалары бізге үлгі болмақ.
Тәубе – құлдың нәпсі мен шайтанға, барлық жамандық атаулыға шақыратын бақытсыздықтарға қарсы тұра білу қасиеті. Тәубе – ерік-жігердің жеңісі. Тәубе – Жаратқанның ерекше сыйы, адам бойындағы қаһармандық қасиет.