Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Имамдар электронды үлгіде аттестациядан өтті

0 1  950

ҚМДБ Сараптау комиссиясы Шымкент қаласы мен Түркістан облысына қарасты мешіт, медреседегі мамандардың сонымен қатар, жаңадан қызметке тұратын мамандардың (имам, наиб имам, молда, азаншы, ұстаз т.б.) діни білімдерін сараптаудан өткізді.

Аталмыш шараның ашылуына ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз арнайы қатысып, имамдарға дәріс оқыды.

«Аттестацияның мақсаты – еліміздегі дін саласында қызмет етіп жүрген имамдарымыздың діни біліктілігін арттырып, үздіксіз дамытып отыруға жағдай жасау. Әрі осы сынақ емтиханы арқылы имамдардың өз-өздерін бағалауға, шыңдауға мүмкіндік тудыру болып табылады»,– деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Айта кетейік, бұл аттестацияның ерекшелігі компьютерлік бағдарламада арнайы әзірленген тест сұрақтары шектеулі уақыт аралығында жауап беруге шақтап жасалған.

Тестілеуде ақида (сенім), фиқһ (шариғат үкімдері), әкімшілік жүйе (заң) бойынша сынақ тапсырады. Ал Құран, Ислам тарихы және Тұғырнама және тұжырымдама бойынша ауызша сұрақ-жауап түрінде өткізіледі.

ҚМДБ-ның Аттестациялық (сараптау) комиссиясының құрамында ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти, Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы Аттестациялық (сараптау) комиссиясының төрағасы Алау Әділбаев, Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов, Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов, Кадр бөлімінің меңгерушісі Байұзақ Бекмұратов және ҚМДБ-ның бөлім мамандары Бауыржан Абдуалиев пен Ержан Есімдер бар. 

Аталмыш шара аясында Шымкент қаласы бойынша 104 мешіттің 280 дін қызметкері, ал Түркістан облысы бойынша 722 мешіттің Арыс, Ордабасы, Бәйдібек, Төлеби, Түлкібас, Сайрам аудандарынан 318 дін қызметкері аттастатциядан өтеді.

muftyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.