Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Павлодар облысының әкімімен кездесті (фото)

0 224

Бүгін Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовпен кездесті.

Кездесуде өңірдегі діни ахуал сөз болды. Сонымен қатар күн тәртібінде тұрған мәселе – ауыл имамдарына қолдау көрсету, аймақтағы мешіттерді кадрмен қамту жағы айтылды.

Кездесу барысында Бас мүфти өңір басшысына көрсетіп жатқан қолдауы үшін ризашылығын жеткізді. Тараптар ортақ жобалар бойынша екіжақты бірлесе жұмыс істеуді жалғастыратынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Бас мүфти бүгін Павлодар қаласында өтетін «Дін мен дәстүр – халық қазынасы» атты алқалы конференцияға қатысады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.