Take a fresh look at your lifestyle.

ШЕГЕНІҢ ІЗІ

0 3  598
ШЕГЕНІҢ ІЗІ

 

Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: «Достарыңмен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір-бір шегеден қағып отыр» деп табыстапты.

Алғашқы күні-ақ баласы тақтайға 10 шеге қағып үлгеріпті. Одан кейінгі апталарда өзін тізгіндей бастаған бала күн өткен сайын шеге санын азайта түсіпті.

Бір күні тақтайға шеге қағуын тіптен қойса керек. Бұл жайын әкесіне барып айтыпты. Әкесі болса оны тақтаның алдына апарып: «Ал енді, балам, бүгіннен бастап, достарыңмен татуласқан әр күнің үшін тақтадан бір-бір шегеден суырып алып отыр»,- депті. 

Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, тақтайдағы бар шеге шығарылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеп: «Балам, жарайсың, жарадың,-депті,- алайда, мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Бұл дегенің тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмайды деген сөз. Достармен төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр жаман сөз артына мына шегелер тәрізді бір- бір қара тесік қалдырып отырады. Жолдасыңа мың жерден кешірдім дегеніңмен, дәл мына тесіктер секілді кірбіңнің көңілде сыз болып бәрібір қалып қоятындығы шындық.

Сондықтан дос қадірін біліп, ешбір досыңның көңліне кірбің ұялатпағайсың, балам»,- деген екен сонда өз ісінің астарын түсіндіріп, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтырған әкесі. 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.