Take a fresh look at your lifestyle.

БАС МҮФТИ ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

0 140
Бүгін Шымкент қаласында Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында «Бауырлас елдердің рухани ортақ құндылықтары» атты халықаралық форум өтті, – деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Форум жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз, Өзбестан мүфтиі Усманхан қажы Алимов бастаған біртоп делегация, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібекұлы, мемлекет және қоғам қайраткерлері – Розақұл Халмұрадов, Шалатай Мырзахметов, Мархабат Байғұт, ҚМДБ ғалымдары мен жергілікті 600-ден астам имам қатысты.

Халықаралық форумда сөз бастаған Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:

«Әйгілі Омар Хайям: «Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі – азығына талғаммен қарайтын жан, екіншісі – айналысындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам», – деген екен. Біздің халқымызда: «Көршіні Құдай қосады, досты – таңдайсың», – деген қанатты сөз бар. Өзбекстан – Құдай қосқан, әрі біздің таңдаған ең жақын көршіміз, стратегиялық әріптесіміз, рухани жағынан да жақын бауырлас ел. Қазақ-өзбек бауырластығын арттырып, ортақ тарихымыз бен мақсат-мүддемізді нығайтып, Ұлы дала өркениетінің өзегі болған асыл дінімізді насихаттай түссек деген ізгі ниет баршамызды шырайлы Шымкент шаһарына топтастырып отыр», – деп атап өтті.

Серікбай қажы Ораздың айтуынша, ежелгі Мауреннахрда түркілік мәдениет жаңғырып, рухани ренессанс дәуірін басынан өткерді. Түрік мемлекеттерінің саяси әрі мәдени-дүниетанымдық негізі қалыптасты. Адам санасының құндылық-құбылыстық рухани жаңғыруының көш басында Мауреннахрдан шыққан дін ғұламалары тұрды. Олардың ілімі парасаттылық пен адамгершілік ұстанымдарын қалыптастырды.

Мінберде баяндама жасаған Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Усманхан қажы Алимов түбі бір, діні бір, мәзһабы бір қазақ-өзбек халқының рухани байланысы жаңа деңгейге көтерілгенін айрықша атап өтті. 

Форумда сөз алған Розақұл Халмұрадов, Шалатай Мырзахметов, Мархабат Байғұт сынды қоғам қайраткерлері халықаралық жиынның жұмысына сәттілік тілеп, ізгі ниеттерін жеткізді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.