Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алыстағы ағайынға көмек жіберілді

0 154

«Садуақас қажы Ғылмани» мешітінің әйел-қыздар секторына қарасты Аналар мектебі апатты аймақтарға қайырымдылық көмек жөнелтті.

Мешіт ұстазы Айгүл Көксегеннің ұйымдастыруымен мешіт әйел жамағаты жұма күні мешіт алдына жәрмеңке өткізіп, түскен қаражатты су апатынан зардап шегіп жатқан өңірлерге ең қажетті дүниелерді сатып алуға жұмсады. Нәтижесінде, 2000 дана қап, 30 күрек, 20 қорап жұмыс қолғабы, 5 дана қуатталатын қолшам(фонарик), 10 қорап әжетхана қағазы, 30 орам қоқыс дорбасы, 4 қорап балалар жаялығы, 111 қорап әйел адамдарға қажетті зарттар мен 340 мың көлемінде ақшалай көмек жөнелтілді.

Алыстағы ағайынға біртұтас халық екенімізді білдіріп, жандарына жылу сыйлап, бастарына түскенді бөлісейік деп жіберген көмектің жалпы көлемі 700 мың теңгені құрады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.