Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Тазалық жұмыстары жалғасып жатыр

0 178

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ер және әйел жамағатының атсалысуымен тазалық жұмыстары жалғасып жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыс пен қала әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берген еді. Осыған орай, «Таза Қазақстан» науқаны (экоакция) басталған еді. Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты барлық мешіттермен бірге сенбілік өткізген болатын.

Құлшылық ордасының ауласы тазаланып, талдар аққа боялып көше көркіне көрік қосуға атсалысқан еді. Бұл жұмыс бір күнмен тоқтап қалған жоқ. Күнделікті мешіт қызметкерлері бас болып, тазалық науқанын жалғастырып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Президет «Таза Қазақстан» науқаны бірреттік науқан емес екенін айтқан болатын.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.